Жамбыл облысында оқ атудан біріншілікте үздіктер анықталды

0 0

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы оқу-жаттығу полигонында ПД басқармаларының, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің 26 командасы арасында жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша біріншілік жарыс өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың ашылу салтанатында Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бахытжан  Ералин қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ашық деп жариялады.

Жарысқа қатысушылар үшін ПМ-9 мм пистолеттен бес жаттығуды және АК-74 автоматынан екі жаттығуды орындау міндеті қойылды.

Жарыс қорытындысы бойынша қатысушы командалар арасында жүлделі 1- орынды- Тараз қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының командасы, 2- орынды Меркі ауданының полиция бөлімі иеленді, ал Байзақ ауданының полиция бөлімі 3- орынға табан тіреді.

Жарыс қорытындысы бойынша АК-74 автоматынан жеке атудан Байзақ ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Ғалым Оразбеков үздік атқыш болып танылды. ПМ-9 мм тапаншасынан ату бойынша ерлер арасындағы жарыста бірінші орынды облыстық ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы полиция капитаны Дастан Садыбеков иеленді. Әйелдер арасында Меркі аудандық полиция бөлімі штабының аға инспекторы полиция майоры Айжан  Әдібаева үздік атанды.

Жарыс соңында жеке және командалық есеп қорытындылары бойынша жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен дипломдар табыс етілді.

Жарыс жеңімпаздары ағымдағы жылдың қыркүйек айында Павлодар қаласында өтетін ҚР ІІМ чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады. Оларға жоғары жетістіктер мен лайықты жеңістер тілейміз!

Мұндай жарыстар қызметкерлерге табельдік қаруды меңгерудің кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.