Медициналық қызмет сапасын жақсарту-күн тәртібінде

0 2

Биыл Жамбыл облысында медициналық тірек, фельдшерлік-акушерлік пункт, амбулатория сияқты 40 нысан салынып, халық игілігіне тапсырылады. Жоспар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында медициналық қызметтің сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып табылатындығы және ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі басым бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Бұл бағытта Жамбыл облысында биылдың өзінде 40 медициналық нысан салынуда. Бүгінде Тараз қаласында жаңа онкологиялық диспансердің құрылысы жалғасып жатыр. Жалпы жобаның құны -13,9 миллиард теңге. Оның биылға жоспарланған құрылыс жұмыстарына бюджеттен 3 милиардтан астам қаржы бөлінген.

 — Жекеменшік әріптестік аясында іске асыру кезінде біршара қаржыны үнемдеуге алып келеді. Медициналық тіректік құрылысын бюджет есебінен салу кезінде жалпы 50 миллионнан жоғары құнды құраған. Осы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 20-25 миллион теңгенің төңірегінде қаржы жұмсалып отыр,-деді  облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.

Айта кетейік, бүгінде өңірде заманауи алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандары қажет 65 елді мекен бар. ағымдағы жылы бұл мәселе                  100 пайызға шешіледі деп күтілуде.  Өзекті  мәселені шешу үшін өңірде 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы бекітілген.

Былтыр аймақта Жол картасы бойынша 39  алғашқы санитарлық көмек нысандары пайдалануға берілген. Оның  30-ы жекеменшік-әріптестік аясында соғылған болатын. 2020 жылы 25 нысан салынады.

Атқарылып жатқан  жұмыстардың нәтижесінде облыстағы өлім — жітім көрсеткіші (облыс –6,78 промиль) орташа республикалық орташа көрсеткіштен (7,39 промиль) төмендеген.

Жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін 44 санитарлық автокөлік сатып алыныпты. Тараз қаласында жедел жәрдем қызметін бағалайтын «Көмек» ақпараттандыру жүйесі енгізіліпті.  Бұл жұмыстар аудандарда да атқарылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.