Облыстық маңызы бар жолдар қайта жаңғыртылуда

0
22

Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округінде облыстық маңызы бар жолдарға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіле бастады. Аудан көшелеріне сән беріп, көлік қозғалысын реттеуде аса маңызға ие бұл жолдардың тозығы жеткен. Осыдан екі апта бұрын басталған жол жөндеу жұмыстары қазір қарқын алған, – деп жазады “Zhambylnews” Aқпараттық Агенттігі.

-Аудан орталығындағы көлік нөпірі арылмайтын Орынқұлов көшесі күні кешеге дейін екі жолақты болып келді. Яғни, бұл көшенің бойымен екі көлік қатарласып жүре алмайды. Оның үстіне ауыр жүк көліктері өзге жүргізушілердің уақытын ұстайды. Ал, айналып өту көлік қақтығысына алып келуі мүмкін. Сондықтан, көшені кеңейту керек болатын. Қазір бұл жұмыстар қолға алынды,-дейді  ауыл тұрғыны.

Жауапты мамандардың берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, облыстық маңызы бар “Тараз – Жетібай – Тегістік – Ойық” автожолының 1,7-7 шақырым аралығын қайта жаңғырту жұмыстары бойынша бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілген. Жалпы құны 825,6 млн. теңгені құрайтын жобаны іске асыру 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аталған автожолдың 7-20, 20-40, 40-60 шақырым аралығын орта жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлей келе, 2020-2022 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған.
Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан облыстық маңызы бар “Тараз – Сарыкемер – Түймекент – Ақшолақ” автожолының 3,4-14,4 шақырым аралығын қайта жаңғырту жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталған. Жобаның құны 2 533,7 млн. теңгені құрайды. 2019-2020 жылдарға жоспарланған жобаны іске асыру “КазДорСтрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Олег Тен басшылық ететін серіктестік жоспарға сәйкес, аталған жолдың 3,8 шақырымын қайта жаңғыртудан өткізу үстінде. Сонымен бірге, автожолдың қалған бөлігі қанағаттанарлық жағдайда болуына байланысты ағымды жөндеу, күтіп – ұстау жұмыстарымен қамтылуда.
Мұндағы басталған жол жөндеу жұмыстары екі жылға жалғасады. Бүгінде тозығы жеткен ескі жолды арнайы ауыр техникалар бұзып жатыр. Жақында аудан тұрғындары тақтайдай тегіс жолмен қатынайтын болады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here