Жамбылдық журналистерге арналған ерекше семинар — тренинг өтті

0 6

Бүгін Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Тау Самалы» демалыс аймағында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының  «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-інің ұйымдастыруымен «TEZ INFO” тақырыбындағы семинар-тренинг өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Аталмыш семинар-тренингке облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің, басқармалардың, департаменттердің баспасөз хатшылары, БАҚ өкілдері және әлеуметтік желі белсенділері қатысты.

Қатысушыларға модератор, жетекші бизнес- жаттықтырушы Ника коммуникативтік даму орталығының жетекшісі Салтанат Қашағанова «Ерекше танысқым келеді» атты қатысушылармен танысу ойынын қолға алып, мәліметтермен бөлісті.

Сонымен қатар, іс- шараға аталған мекеменің басшысы Ықтияр Бахтиярұлы ақпаратқа жедел қол жеткізу мен оны тиімді пайдаланудың жолдарымен өзара бөлісе отырып, семинар барысында ұйымдастырылған ойындар арқылы билік пен БАҚ арасындағы тиімді қатынасты нығайту мақсатын айқындап айтты.

Семинар-тренинг қорытындысы фотосессияға ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.