Жамбыл облысында құқық бұзушылық туралы 30 азаматтың өтініші түскен

0 1

Жамбыл облысында ағымдағы жылы 7 айы аралығына Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-center орталығына әр түрлі құқық бұзушылықтар туралы 768 азаматтың өтініші түскен, олардың ішінде 30 Жамбыл облысының аумағында жасалынған заң бұзушылықтарға қатысты.  Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жоғарыда көрсетілген 30 өтініш Департаментке түсіп бірден ақпараттарды есепке алу кітабіна тіркеліп, оның ішінде:

-АЕК-на біріктірілген – 1;

-Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізілімі біріктірілген – 1;

-номенклатуралық іске аударылған – 18;

-тексеру жүргізу үшін ҚР ҚПК-нің 181 б. 5 б. негізінде жолданған – 7;

-тергеу реттілігі бойынша жолданған – 3.

Сондай-ақ , АЕК-на тіркелген баррлық өтініштер бойынша қажетті тексеру шаралары жүргізілген.

Ал  Call-center орталығына түскен өтініштер бойынша қылмытық істер қозғалмаған.

Айта кетейік, Call-center орталығына түскен өтініштерге жүргізілген талдауға сәйкес, көп жағдайда азаматтар әкімшілік және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымданады, одан кейін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты. Өтініштердің мәніне көңіл аударатын болсақ, көбінесе лауазымды адамдармен ақша талап ету деректері болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.