Жамбыл облысында жаңа оқу жылынан бастап білім ордалары парасаттылыққа үйрететін болады

0 0

Жамбыл облысында жаңа оқу жылынан бастап білім ордалары парасаттылыққа үйрететін болады. Бұл туралы ӨКҚ алаңында алаңында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқарма басшысы Даурен Омаров айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Департамент «Transparency Kazakhstan» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп оқу курстарын ұйымдастырып, облыстың жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, заңгерлер және «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдануға болатын жаңа әзірлемелер және адалдық пен парасат қағидаларын түсіндірген болатын.

Спикердің айтуы бойынша, ендігі кезекте білім алған оқытушылар мен сарапшылар білім ордаларында парасаттылыққа бейімделген шаралар мен оқу курстарын ұйымдастырып, тиісті растайтын куәліктер табыстайтын болады.

Ал, мектептерде Білім басқармасымен бірлесіп әзірленген жоспарға сәйкес, «Адал ұрпақ» еріктілер клубы арқылы түрлі бағыттағы оқушылар арасындағы акциялар, зияткерлік және іскерлік ойындар, парасаттылық сағаты арқылы адалдық және парасаттылық қағидаларын түсіндіретін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.