«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» қор көрмесі жобасы Жамбыл облысында

0 2

«Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» қор көрмесі жобасы Жамбыл облысында. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде аталмыш көшпелі көрменің ашылуы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, облыс әкімі Асқар Мырзахметов және қала тұрғындары мен студенттер қатысты. Өз алғы сөзінде Асқар Исабекұлы іс-шараның мазмұны мен маңыздылығы туралы айтып өтсе, Әмірхан Мұратбекұлы тәуелсіздік жылдарындағы Тараздың дамуындағы Елбасы рөліне тоқталды.

Тәуелсіз еліміздің қалыптасу тарихындағы ТұңғышПрезиденттің рөлін жүйелі баяндайтын көрмеде қонақтар Елбасының архив, кітапхана, музей қорларынан алынған бірегей материалдармен танысты. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы мемлекеттік марапаттар колекциясымен, мемлекет басшылары мен беделді жазушылардың қолтаңбасы бар тартулық басылымдар мен Елбасының көп тілде жарық көрген еңбектерін тамашалады.

Көрме төрт бөлімнен құралған. Алғашқы «Елбасы жолы» бөлімінде Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың өмір кезеңдерінен сыр шертетін жәдігерлер орнатылған. Онда Елбасы жолы рухани жаңғыруға түрткі болған тарихи оқиғаларды сипаттау арқылы көрсетіледі. Ал, «Елбасы феномені» бөлімінде ел тізгінің ұстап, жаһандық кеңістікке тұрақтылық пен қауіпсіздіңтің жаңа идеяларын таратқан Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет құрудағы басты тұжырымдамасын баяндалады. Ондағы Семей ядролық полигонының жабылуынан бастап, мемлекет астанасының көшірілуіне дейін тарих парағына өшпестей болып жазылған маңызды оқиғалар, батыл шешімдер мен бастамалары арқылы Елбасы феномені айқын көрініс табады.

Сол сияқты, «Әлем таныған Елбасы» бөлімінде еліміздің сыртқы саясаты, Тұңғыш Президенттің биік беделі мен асқақ абыройы бейнелейтін дүниелер қойылса, «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» бөлімінде көпшілік назарына Елбасы мен Қазақстан халқына жаһандық даму мен тұрақтылыққа қосқан үлесі үшін табыс етілген жоғары мемлекеттік марапаттар ұсынылған.

Айта кетейік, 2017 жылғы қарашадан бастау алған «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрме жобасымен Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының 900 мыңға жуық тұрғыны танысып үлгерді. Ірі ғылыми-білім беру, мәдени-ағартушылық іс-шаралардан құралған жоба шалғай аудандарды да қамтуды мақсат тұтқан.

Соған орай бұған дейін жобаның өңіріміздегі Шу және Қордай аудандарында экскурциялары ұйымдастырылған-ды. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының өзге де шаралары өңірімізде жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.