Сарысу ауданында ҚР Президенті Жолдауын түсіндіру жөніндегі актив жиын өтті

0 7

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Сарысу ауданының әкімі-Қанатбек Мәдібектің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі актив жиналысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінгі жиын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналғандықтан жиынға облыстық ақпараттық топ мүшелері-Жамбыл облысы әкімдігі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы-Төрегелдиев Самат Болатұлы, Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы – Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлы, М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы» кафедрасының деканы- ҚұрманбекСағынбеков қатысып, Жолдау аясында баяндамалар жасап, көпшілікпен пікірлесті.

Сонымен қатар, жиынға жергілікті атқарушы орган басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, әлеуметтік сала қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, ардагерлер, жастар мен БАҚ өкілдері де осы жиыннан табылып, Президент Жолдауын біркісідей қолдайтындықтарын айтты.

Барша Қазақстан қоғамының ұлы құндылығы — Мәңгілік Ел! Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де осы құдіретті ұғымға сыйып тұр.  Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында келер жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталып кеткендігін айтып өтті. 2020 жылы Шығыс ғұламасы-Әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтетін боламыз.  Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуді тапсырған Президентіміз, ең маңызды мерекеге – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті
іс-шараларды қазірден бастап іске асыруымыз қажеттігін де атап айтты.
Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар, жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашатынын тілге тиек етті. Ең басты байлығымыз — Ел бірлігі. Барлығымыздың іс-әрекетіміздің түпкі мәні де- осы! Міне, осындай игі мақсаттар жолында барша қазақстандықтармен бірге сарысулықтар да бірлесе жұмыс атқаратын болады.
«Жұмыла көтерген жүк-жеңіл» дейді бабалар! Ендеше Президент Жолдауынан туындаған әрбір тапсырманы абыроймен жүзеге асыруда ауызбіршілік танытайық.
Сіздердің және өзімнің атымнан облыстық ақпараттық топ мүшелеріне алғысымды білдіремін!,-деді  жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қанатбек Мәдібек.

Мәжіліс залындағы жиыннан шыққан ақпараттық топ ауылдарға жол тартты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.