Арыс қаласында Жамбыл облыстық филармониясының концерті өтті

0 1

Арыс қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Арысты тербеткен Әулиеата әуендері» атты Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерті өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Арыс қаласында болған жарылыс барша жұрттың есінде. Алайда қиындықта жұдырықша жұмылған халық «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, көршілес өңірге барынша қолдау білдірді. Мұндай игі шарадан Жамбылдықтар да шет қалмай, өзіне  тиесілі 3-сектордағы құрылыс жұмыстарын бірінші болып аяқтады.

Айтулы шарада Арыс қаласындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарына араласқан құрылысшылар, мердігерлер, белсенді азаматтар мен әкімдік қызметкерлер арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Арыстық ағайындар Жамбылдық өнерпаздарға ілтипатын білдіріп, ыстық ықыластарын көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.