Жамбыл ауданында «Жаңа қазақ әліпбиі-рухани жаңғырудың бастауы» атты диктант жазу акциясы өтті

0 0

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тапсырмасына сәйкес, Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай латын қарпінде жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Жаңа қазақ әліпбиі-рухани жаңғырудың бастауы» атты жаппай диктант жазу акциясы Жамбыл ауданындағы  мектепте де жалғасын тапты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

91 сөзден тұратын диктант мәтінінің тақырыбы Президент жолдауының басым бағыттарының бірі болып отырған — » Қоғамдық келісімді нығайту». 30 минутқа созылған жаппай диктант жазуға мектеп басшысы мен мен әкімшілігі бастап, мектеп ұстаздарынан 198 және 9,10,11-оқушылары қатысып, латын қарпіне негізделген әліпби бойынша өз деңгейлерін көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.