Жастар жылы: Жамбылдық 158 жас кәсіпкер қайтарымсыз грант ұтып алды

0 6

Жамбыл облысы бойынша Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында биыл 158 жас кәсіпкер қайтарымсыз грант ұтып алды, —  деп хабарлайды «ZhambylNews»  АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған гранттарға бөлінген қаржыны тиімді пайдалануды үйлестіру басты талаптардың бірі болып отыр. Осы орайда облыстық «Атамекен»   кәсіпкерлік палатасы жас кәсіпкерлерге жол көрсету мақсатында жиын өткізіп, жас кәсіпкерлерге кеңес берді.

Кәсіпкерлікті дамытуға  негізделген бұл жоба – жұмыссыз жүрген және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындарды өз кәсібін бастауға үндейді.  Сол  арқылы ауыл, қала  тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру. Жастар жылы аясында жүзеге асырылып отырған жобаға 324 миллион теңге қарастырылған болатын. Барлығы 466 тың идеялар  ұсынылса, оның 158-і комиссия мүшелерінің көңілінен шыққан.

 «Грант қаражаты 1 жыл ішінде игерілуі керек.  Бөлінген қаржы дұрыс жұмсалуы ерекше бақылауда болады.  Бұдан бөлек, ұсынылған жоба аясында  жұмыс орындары ашылып, грант иесі әрі қарай   кәсібін дөңгелетіп әкетуі тиіс»,- дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Кенжебеков.

Мамандар грант иелері өз мақсаттарына ерекше жауапкершілікпен  кірісуді көздеп отырғанын айтады. Көп ұзамай  олар өз жобаларын іске асырып, ел дамуына үлес қосады деген сенім мол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.