Жамбыл облысында «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өткізілді

0 3

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастар арасында «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өткізілді,- деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шараға мамандығына, шұғылданатын ісіне қарамастан 18 бен 22 жас аралығындағы жастар қатысты.

Олимпиадаға қатысушылар берілген тақырыпқа сай тұсаукесер өткізіп, «Үш тұғырлы тіл – ұлттың келешегі» тақырыбы бойынша эссе жазды, сондай-ақ мәтінге үш тілде ілеспе аударма жасады.

Нәтижесінде І орынды Байзақ ауданынан Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Сарымамудова Зайде, ІІ орынды Тараз қаласынан Жамбыл инновациялық колледжінің 3- курс студенті Сатылған Ералы, ІІІ орынды Меркі ауданынан В.Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Айтимбетова Жансая иеленді. Олимпиадаға қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.