Елбасы жолдауын түсіндіру аясында №5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында жиын өтті

0 4

Қыркүйек айының 2-ші жұлдызында Қазақстан  парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын жолдаған болатын. Осы орайда «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ-де «№51 Бәйтерек бастауыш партия ұйымының» қолдауымен, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Оспанов Жанәділ және консультант Желден Ботагөздің қатысуымен мекеме қызметкерлеріне жолдаудың басты бағыттарымен таныстырып өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады.

Президент Әкімшілігінде азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың сапалы қарауын қадағалап, жедел шаралар қабылдайтын бөлім құрылғандығын атап өтті. Белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жолданатын көптеген шағымдар нақты мемлекеттік органда немесе аймақта күрделі түйткілдер бар екенін көрсетеді. Енді бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарап, тиісті шешімдер қабылдаған жөн. Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсаймыз делінген«- деді жолдауда Жанаділ Оспанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.