Жамбыл облысында «Ашық есік» күні өтті

0 7

Жамбыл облысының  Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметімен» бірлесе отырып «Ашық есік» күнін өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шараның мақсаты Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмысын таныстыру және театр, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана және музей салаларының жұмысын, облысымыздағы мәдениетіміздің әрі қарай нығаю жолында атқарып жатқан еңбектерін көрсету болып табылды.

Шара аясында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасын, облыстық кино орталығын, облыстық қазақ драма театрын, облыстық тарихи-өлкетану музейін, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясын аралап, атқаратын жұмыстары таныстырылды.

Айта кетейік, аталмыш ашық есік күнін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ  ұйымдастырып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.