Таразда облыстық онлайн семинар өтті

0 4

Жамбыл облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен негізгі пәндер бойынша облыстық онлайн семинар өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Облыстық онлайн семинарға бастауыш сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер мен пән мұғалімдері, барлығы 1777 педагог қатысты.

Онлайн семинар барысында 2019-2020 жаңа оқу жылында басшылыққа алынатын әдістемелік нұсқаулы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, пәндерді оқытудың өзіндік ерекшелігіне, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеудің тиімді жолдары талқыланды.

Семинар соңында қатысушылар электронды материалдармен қамтамасыз етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.