Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/7 мекемесіне психология қызметі ауадай қажет

0 0

Жамбыл облысында ЖД-158/7 мекемесі психологиялық қызметінде жаңашылдықтарды күнделікті қолданысқа тиімді пайдаланып, енгізу үстінде. Аптасына 3 бірдей психолог 18 сағат бойына түрлі тренинг-кеңес, сұхбат өткізеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Психолог мамандарды ең қажет ететін саланың бірі – қылмыстық атқару жүйесі. Тағдыр талайымен теріс басып темір торға түскендердің жаза өтеу кезінде жүйкесіне салмақ түсетіні шындық. Әсіресе бірінші рет қылмыс жасаған адамдар осы кезде күрт сынып кетуі мүмкін. Егер қысылтаяң кезеңде айыпталушыға лайықты психологиялық қолдау берілсе, сот үкімі шығып, түзеу орындарына жөнелтілгенге дейін өзіне деген сенімін жоғалтпайды. Сонымен қатар, түзеу мекемелерінің қабырғасында да білікті мамандар жүйелі түрде сотталғандармен белсенді жұмыс жасап отырады.

Арнайы контингент арасында тек қана тексеру, зерделеу жұмыстарын ғана жүргізіп қоймай, оларға алдын алу, психокоррекциялық көмектер көрсетуге міндетті. Атқарылған белсенді жұмыстар мен тиянақты тірлік үздік нәтиже беріп, тіптен сотталғандар жаңадан жақсы өмір бастауға құлшынады. Әрине кем-кетіксіз болмайды. Ішінара баз кешіп, көмектен бас тартатындар да табылып жатады. Мұндайда психолог мамандарға артығырақ тер төгіп, озық тәжірибеге жүгінуге тура келеді.
Қазіргі заман жаңа технологиялар мен жаңа әдістемелерді жарыққа шығаруды талап етеді.

Мақсаты – ұйқыны реттеу, босаңсыту, күйзеліске қарсы, медитация, адам құлшынысын арттыру, қорқынышты төмендету, шаршауды басу, көңіл-күйді көтеру, өзін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру секілді.

Жуырда мекемеде қоғамда өзекті мәселе – суецидке қарсы іс-шара өткізілді. Оған арнайы бейімдігі басым, өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деп тізімге қойылғандар көптеп қатыстырылды. Қатысушылар ережеге сәйкес қиялындағы өмір атты бейнені қағаз бетіне түсіруі тиіс. Бір қызығы түрлі-түсті ғана бояулар берілген. Топтық жұмыс болғасын сотталғандар арасында қарым-қатынаста жақсара түспек. Жасақаралық жарыс екендігін ескеріп, сайыскерлер барын салып бақты. Үздік сурет авторларын анықтау да оңайға соқпады.

Барлық жұмыстармен жіті танысқан психолог мамандар жиын соңында қорытынды шығару үшін жазасын өтеушілермен бірлесе отырып әр қабырға газетін жіті талқылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.