Аймақ басшысы «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағына барды

0 3

Аймақ басшысы «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағына барып, «Қызылша» ЖШС-нің Қант зауыты мен «Farm Frites» ЖШС-нің «фри картофелі өндірісінің» бизнес жоспарымен танысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қант зауытының құрылыс жұмыстары аталған аймақта ағымдағы жылдың қазан айында басталатын болды. Ондағы туындап отырған жер мәселесін оңынан шешілуіне Асқар Исабекұлы тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Жылына 180 мың тонна қант шығаруға қуатты зауыт 2022 жылы пайдалануға берілмек.

Ал фри картофелі өндірісінің жобасы 2021 жылы іске қосылуы көзделген. Қазіргі кезде жобалық сметалық құжаттары дайындалуда. Жылына 70 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы болмақ.

Сондай-ақ Aсқар Мырзахметов «Тараз химиялық паркі» АЭА-да жұмыс атқаратын кәсіпкерлермен өткен кездесу басқа да жобалар сараланып, кездесіп отырған кедергілер жайы талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.