Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Шу ауданындағы Жаңақоғам ауылдық округінің тұғындарымен кездесті

0 1

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Шу ауданындағы Жаңақоғам ауылдық округінің тұғындарымен кездесті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңақоғам — Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартудың пилоттық жобасына енген он ауылдық округтің бірі. Кездесу жиынында аталмыш жоба аясында ауылда қолға алынып жатқан жұмыстар барысы баяндалды.
Округ бойынша жалпы 493 аула бар болса, онда барлығы 2 889 адам тұрады. Жалпы оюауылдағы 493 ауланың үй іргесіндегі жер көлемі 98,6 гектарды құрайды. Бұл аулалар толығымен сумен қамтылған.

Бірінші бағыт-үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану бойынша окруктегі барлық отбасы қамтылмақ. Жаңақоғамдықтар негізінен қырыққабат, қияр, қызанақ егіп, екі айналымда өнім алуға ынталы. Екінші бағыт — мал шаруашылығы бойынша санақ жүргізіліп, 179 аулада малы жоқ екендігі анықталған. Жоба аясында 3 950 бас мал сатып алынуы жоспарлануда. Сондай-ақ, «Тараз ӘКК»-не барлығы 40 өтінім түскен. Бүгінде Жаңақоғам ауылында ауыл шаруашылығының барлық саласын қамтитын «Омар-Шу» кооперативі құрылған.

Кездесуде ауыл тұрғындары пилоттық жобаның бірқатар механизмдеріне қатысты сауалдарын жолдап, нақты жауаптар ала білді. Асқар Исабекұлы баянды бастамаға барынша жұмыла кіріскенде ғана жемісті нәтижеге қол жеткізуге болатын баса айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.