Қала әкімі Қайрат Досаевтың жастармен бейресми кездесуі өтті

0 5

2019 жылы Жастар жылы деп белгілеген болатын. Осыған орай Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде қала әкімі Қайрат Досаевтың жастармен бейресми кездесуі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесуге аталған колледждің білімгерлері қатысты.
Еркін форматта өткен кездесуде қала басшысы Қайрат Әскербекұлы Досаев мемлекет тарапынан жастардың игілігі үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға тоқталып өтті.

Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану,жастар игіліктері пайдалануға берілген спорт, мәдениет нысандары мен аула клубтары, коворкинг орталықтарының жұмыстарына тоқталды.

Қайрат Әскербекұлы жастардың жеке пікірі мен ойын тыңдап,қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуы, жастардың жаһандану заманындағы көзқарастарын, жобаларын тыңдап, басқа осы секілді мәселелер төңірегінде өзіндік ақыл кеңестерімен бөлісті. Жастар өздерінің көкейлеріндегі толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Жиын соңында жастар қала басшысына ашық әңгіме мен жылы жүздесу үшін алғыстарын айтып, ерекше әсер алғандарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.