Асқар Мырзахметов Меркі ауданына жұмыс сапарымен келді

0 0

Асқар Мырзахметовтің Меркі ауданына жұмыс сапарымен келіп, тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартудың пилоттық жобасына енген Сұрат ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл округтегі жалпы 462 аулада барлығы 2830 халық тіршілік етуде.
Сұраттағы 353 ауланың тұрғындары жобаның бірінші бағыты бойынша қатысуға ниетті. Сол секілді мал басын арттырып, шаруасын шалқытуға 234 аула бейіл.

Бастаманың басқа да бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілмек. Тиімді несиемен нәсібін арттыруға ынталы тұрғындар талмай тер төгуге дайын.

Асқар Исабекұлы жобаның бағыттарына жекелей тоқталып, ауылдықтардың жаппай ғжағдайын жақсарту басты мақсат екеніне тоқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.