Жамбыл ауданының ұстаздарына арналған мерекелік іс — шара «Арай плаза» бизнес орталығында өтті

0 2

«Арай плаза» бизнес орталығында Жамбыл ауданының ұстаздарына арналған мерекелік іс — шара өтті. Іс – шараға 300 ге жуық ұстаздар, қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аудан әкімі Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Атаулы мерекеде аудан мұғалімдері облыстық, республикалық, халықаралық кәсіби байқаулардың жеңімпаздары болған аудан мұғалімдеріне ерекше құрмет көрсетілді. Жеңім¬паздарды марапаттау салтанатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, аудан әкімінің, аудандық маслихаттың, білім беру қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл аудандық комитеті филиалының, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының «Құрмет грамотасымен» марапатталса, 13 мұғалімге аудандық білім бөлімінің «Үздік педагог» наминациясымен және сыйақы табыс етілді.

Мерекелік іс – шараға арнайы шақырылған ардагер ұстаздарға сыйлықтар берілді. Салатанатты іс – шарада Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебінің шәкірттері мен жас ұстаздар өнер көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.