Қала әкімі Қайрат Досаев кезекті азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдауын өткізді

0 0

Қала әкімі Қайрат Досаев кезекті азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдауын өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінгі қабылдауға жазылған азаматтар саны көп, әр түрлі сұрақтарды көтерді. Олардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, жер кезегі, жеке ісін жүргізу үшін бос ғимарат тауып беру мәселелрі.

Қабылдауға жазылған ақ жаулықты аналардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесі бойынша келіпті. Қайрат Әскербекұлы Қазақстан оларға Республикасының «Тұрғын үй» Заңының талаптарын, баспаналы болу үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндірді.

Атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай отырған аналарға, оның тағайындалу жолдарын, таяуда ғана енгізілген өзгертулерді нақтылап жеткізді. Әр сұрақ бойынша тиісті сала басшылырына зерделеп, нәтижесін өтініш иесіне баяндауды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.