Тараз қаласында «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту аясында 217,6 млн. теңге қаржы қарастырылған

0 5

Ағымдағы жылға «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 217,6 млн. теңге қаржы қарастырылып, 1571 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, ағымдағы жылдың 8 айында 1305 адам  қамтылды, — деп  хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бағдарламаның І-ші бағыты «Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер және дағдылар» қысқа мерзімді кәсіптік оқу тетігі бойынша облыстық бюджет есебінен 136,6 млн. теңге бөлініп,  960 адамды оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда сұранысқа ие 30 мамандық бойынша 987 адамның тізімі жинақталып, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 517 адам жолданды.

Ал, ІІ бағыт бойынша 2019 жылға республикалық бюджеттен шағын несиелендіруге 801,0 млн теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күні 9 азаматқа 113,9 млн. теңгенің шағын несиесі берілді.

Сондай-ақ, бағдарламаның III бағыты бойынша жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 75,7 млн. теңге қарастырылып, 200 жас түлек тартылуы жоспарланған, айлық жалақылары 63,1 мың теңге, жыл басынан бүгінгі күнге дейін 323 жас маман жолданды. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орнына республикалық бюджеттен 5,3 млн. теңге бөлініп, 25 адамды қамту  жоспарланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.