Тараз қаласында ағымдағы жылы мектеп бітірушілердің саны 2144 оқушыны құраған

0 0

Ағымдағы жылы мектеп бітірушілердің саны 2144 оқушыны құраған, оның  1346 түлегі   ҰБТ-ге қатысуға ниет білдірсе, нақты 1324-сі тестілеуге қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сондай-ақ, 22 түлек өз еріктерімен тест тапсырудан бас тартқан. Тестілеу қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің орта балы 99,05 84,3 болып, 2018 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 14,75  балға артты. Жалпы ҰБТ қорытындысы бойынша  557 түлек 100 ден жоғары балға қол жеткізген.  Оның ішінде, ең жоғары 137 балл алған – 1 түлек,130 балдан жоғары алғандар – 27 түлек, 100 балдан жоғары алғандар – 529 түлек.

Айта кетейік,  «Алтын белгі» иегерлері -59, үздік аттестат иегерлері – 48, негізгі орта білім туралы үздік аттестат иегерлері – 270.

Leave A Reply

Your email address will not be published.