Тараз қаласында мектептерді жөндеуден өткізуге 26,9 млн. теңге қарастырылған

0 2

Есепті жылы №№8, 12, 14, 39, 52, 50, 57, 15, 23 мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізуге 26,9 млн. теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазіргі таңда, кейбір мектептерде басқада күрделі мәселелері шешуді қажет етеді. Олар, №22 мектепке акт залы мен асханаға арналған және №7 мектепке акт залы мен 5 сынып бөлмелерге арналған жапсарлас ғимараттарының құрылыстары. Бұл мәселелер бойынша жобалық сметалық құжатамаларды әзірлеу жұмыстары осы жылы басталып, құрылыс 2021 жылы жүргізу көзделуде.

Облыс деңгейінде бекітілген білім нысандары құрылысының Жол картасына сәйкес атап айтқанда   «Шалғай-Қарасу» және «Барысхан» тұрғын алқаптарында әрқайсысы 600 орынды мектептердің және «Казарма» алқабында 180 орынды мектептің құрылыстары және  2021 жылы «Арай» және «Қайнар» алқаптарында әрқайсысы 600 орынды мектептердің құрылыстары жоспарлануда.

 Аталған нысандар бойынша қазіргі таңда жобалық-сметалық құжатамалары әзірленуде.

Ал, №1 лицейге 300 орынға арналған жапсарлас ғимараттың жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан шықты. 2020 жылы  жоғары тұрған бюджетке ұсынылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.