Тараз қаласында экперт-аудиторлармен жұмыс мәжілісі өтті

0 4

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тауардың шығарылған елін анықтау бойынша сарапшы-аудиторлардың қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді, — деп хабарлайды  «ZhambylNews»  Ақпараттық Агенттігі.

Кеңеске тауардың шығарылған елін анықтау бойынша «ҰССО» АҚ-ның Жамбыл филиалының экперт-аудиторы Мұрат Мұсаев, «ГССиМ Zhambyl standart» ЖШС-нің тауардың шығарылған елін анықтау бойынша экперт-аудиторs Валентина Ковкова, сарапшы-аудитор Раушан Сарина, «Атамекен» ҰКП Жамбыл филиалының тауардың шығарылған елін анықтау бойынша сарапшы — аудитор Гүлназ Нығметова, сондай-ақ «ҚазСтИн» РМК директоры Асқар Мыңбаев қатысты.

Талқылау барысында тауардың шығу тегі стандарын анықтау бойынша ҚР заңнамасының талаптарын қатаң сақтау және тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру және Еуразиялық экономикалық Одақтың тауар нысандарын жасасу кезіндегі проблемалық мәселелер қаралды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.