Таразда маршруттық автобустың мас жүргізушісі ұсталды

0 0

Автобус  жедел-алдын алу іс-шарасының соңғы күні 17 қазанда таңертеңгі сағат 8:00-де қоғамдық көліктің техникалық жағдайының сәйкестігін тексеру үшін Привокзальная көшесінде №40 маршруттық автобус тоқтатылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізушімен сөйлесу барысында полицейлер алкогольдің иісін сезген. Ер адам алкоголь иісінің ауру тісінен шығып тұрғанын айтты, алайда артынша жұмыстан тыс уақытта алдыңғы кеште екі сыра ішкенін мойындады. Жүргізуші медициналық куәландыру жүргізуден бас тартқан жоқ.

Медициналық сараптама қорытындысы жеңіл түрдегі мас күйде болғанын анықтады.

«Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі «жүргізушінің мас күйінде көлік құралын басқаруы» бойынша әкімшілік материал толтырылды. Аталған бұзушылығы үшін енді ол үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Анықталғандай, ер адам 13 рет жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ 2015 жылы қарсы қозғалысқа арналған жолдың жаяу жүргіншілер бөлігіне шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Бірақ бұдан тиісті қорытынды шығармаған», — деп атап көрсетті Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция капитаны Нұржан Керебаев.
Сонымен қатар, жол-техникалық инспекция бөлімі аталған дерек бойынша автобус иесі, заңды тұлғаға қатысты тексеру жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.