Тараз қаласында тамақ өнеркәсібі 55,5%-ға өсіп отыр

0 20

Тараз қаласында тамақ өнеркәсібі саласындағы «Орта азиялық қант корпорациясы»   АҚ-ы – есепті кезеңде 22 млрд. 890,1 млн. теңгеге  124,3 мың тонна өнім өндіріп, өндірілген өнімнің нақты көлемі   55,5%-ға өсіп отыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жалпы өнеркәсіп саласы бойынша салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің  мемлекеттік бюджеттегі үлесі 15,8% немесе 4 млрд. 776,1 млн. теңгені құрады.  Қала деңгейіндегі бюджет бойынша өнеркәсіп саласының үлесі 12,8% немесе 1 млрд. 405,6 млн. теңгені құрады.

 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық — инновациялық даму  Мемлекеттік   бағдарламасы  аясында,  жалпы құны 35 млрд. 479,6 млн. теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылып, 1861 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Ал, аталған бағдарламаның 2015-2019 жылдарға арналған екінші кезеңінде 2015-2018 жылдары 20 млрд. 124,5 млн. теңгені құрайтын 10 жоба іске асырылып, 360 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.