Қала әкімі Қайрат Досаев тұрғындармен кездесу өткізді

0 12

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қалалық әкімдіктің мәжіліс залында Өзбек көшесінің 1 және 3 бұрылыстарының тұрғындарымен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews»  Ақпараттық Агенттігі.

Кездесу еркін форматта өтті. Тұрғындар қаланың орталық көшесінің көп жылдан бері асфальттанбағаны, ауыз су мәселесін шешуді, көше жарығын орнатуды сұранды.

Қала әкімі әрбір сұрақты мұқият тыңдап, тиісті сала мамандарымен шешу жолдарын қарастырды. Ауыз су мәселесі бойынша «Тараз Су» кәсіпорнының басшысына тұрғын үй шаруашылық бөлімі тарапынан қаражат бөлінетінін, биылғы жылдың аяғына дейін су орнату нүктелерінің техникалық жағдайын анықтап, жұмыстарды желтоқсан айының аяғына дейін аяқтауға өзара келісімге келді. Жоғарыда аталған су жүргізу, қазу жұмыстары аяқталған соң ғана, келесі жылы, аталған көшелер орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелер тізіміне енгізілетіні айтылды.
Көше жарығы бойынша: аталған көшеге барып, зерделеу жұмыстарын жүргізіп жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға тапсырма берді.

Қала басшысы жобалық құжаттама дайындалғаннан кейін мәслихат сессиясында қаражаттарды нақтылау барысында қаражат қарастырылатыны жеткізілді. Одан кейін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілетінін, барлық жұмыстардың келесі жылдың еншісінде екендігін қадап айтты. Сонымен қатар, тұрғындар Өзбек көшесіндегі егесіз, бос жерге спорт алаңшасын салып беруді сұранды. Жер қатынастары мамандары ол жердің егесін анықтау үшін өтініш жазуларын сұранды. Одан кейін ғана жерді аукцион арқылы сатып алып,спорт алаңшасын салуға пәрмен беріледі. Кездесу соңында тұрғындар қала әкіміне мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын түсіндіріп бергеніне алғыс білдіріп, тарқасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.