Тараз қаласында 3 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған

0 2

Ал, 2020 жылы жалпы құны 22 млрд. 251,0 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып, 264 жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бірінші «СП-Тараз PET» ЖШС-нің қолданыста болған пластикалық бұйымдарды қайта өңдеу  бойынша зауыт салу жобасы іске асырылуда. Жоба құны – 3 млрд. 860,0 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары — 64 бірлік.

Екінші «Ekojer» ЖШС-гі – «Қоқыс өңдеу зауыты» жоба құны 17,5 млрд. теңге, жылдық қуаттылығы 100 мың тонна қоқыс, 150 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың ІІ-жарты жылдығына жоспарланып отыр.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы ««Ekojer» ЖШС-не уақытша өтеулі жер пайдалану  құқығымен жер учаскесін қысқа мерзімге беру туралы» №254 Қаулысымен «Ekojer» ЖШС-не Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округі жерінен американдық технология негізінде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттың құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін жалпы 20,0 гектар жер учаскесі 5 жыл уақытша өтеулі жер пайдалану  құқығымен қысқа мерзімге берілген.

Үшінші  «TARAZLING» ЖШС-гі сұйытылған табиғи газды  өндіру. Жобаның құны – 891,0 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 18000 тонна. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орындары ашылады. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың ІІ-жарты жылдығына жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге жер қатынастары бөлімімен жер телімін бөлу мәселесі қарастырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.