Жамбыл облысында ЖД-158/7 мекемесінде кезекті рет «лақтыру фактісі» орын алды

0 0

Есірткі тектес дәрілерге тиым болмай тұр.  ЖД-158/7 мекемесінде кезекті рет «лақтыру фактісі» орын алды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Үстіміздегі жылдың 21-қазанында Төтенше қауіпсіздік режиміндегі түзеу орнының Барболов көшесі жағын торуылдап жүрген әйел азаматша негізгі қоршауды асырып тас атқандай болады. Күдік тудырған қимылды зерделеу барысында жедел-режим тобы ішкі күзет аумағынан кәдуілгі тасқа ұқсас күмәнді затты табады. Анықтай келе ешқандай тас еместігі, сұрғылт-қоңыр түстес жерге ұқсас ермексаздан қалағандығы мәлім болды. Ішінде 2,48 грамды құрайтын қою жасыл кептірілген ерекше иісті өсімдік бар болып шықты.

Сондай-ақ, тараздық 44 жасар азаматшаны тінту кезінде оң қалтасынан газетке оралған 3,82 грамм мөлшерінде осы тектес зат табылды. Сот-химиялық талдама барысында «кептірілген марихуана» екендігі дәлелденді. Мұнымен қоймай, күдікті азаматшадан 7,384гр «трамадол», 0,634гр «сомнол» және 2 құты «тропикамид» дәрілік заттары алынды.

Алайда мұндай дәрігердің қатаң рецептімен ғана берілетін дәрі-дәрмекке кез-келгеннің оңай қол жеткізгендігі беймәлім болып тұр. Қазіргі таңда осыған байланысты талдап-тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.