Полиция қызметкерлері алғашқы дәрігерлік көмекке дейін көмек көрсетуді үйренуде

0 2

Жамбыл облысының Полиция департаменті қызметкерлері Ғ.Байтасов атындағы полигонда апта сайын полиция қызметкерлері үшін алғашқы дәрігерлік көмекке дейінгі көмекті көрсету бойынша тәжірибелік және дәріс сабақтарын өткізуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тақырыптық сабақтар жоспарына сәйкес,тұрақты негіздегі дайындық қажет және ерекше маңызға ие, себебі полицейлер оқиға орынына алғашқылардың бірі болып барады, ЖКО, техногендік апаттар және террористік әрекеттер немесе халықты шұғыл эвакуациялау жағдайында алғашқы дәрігерлік көмекке дейінгі көмекті көрсету қажет болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.