Граффит жазулар жойылып, наркосайттар бұғатталды

0 3

Ағымдағы жылдың 21 қазанында «Рефлекс-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Тараз қаласының Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері синтетикалық есірткіні тарататын тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде, үйлердің қабырғалары мен қоршауларына есірткіні насихаттайтын граффит жазулар жазған Тараз қаласының тұрғыны қолға түсті.
Ұсталған азамат кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды.
Табылған жазулар алынып тасталды, синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды.

Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының үйлері мен ғимараттарының қабырғаларында граффит жазуларды алыптастау бойынша «Тараз Жасыл ел» ұйымын тарта отырып, жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп тұрады.

Қала бойынша 600-ге жуық жазба жойылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарын азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін есірткінің таралу проблемасынан тысқалмауға және есірткі қылмыстылығы мен күресте белсенді азаматтық ұстанымды танытуға шақырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.