Жамбыл облысында «Халықтық заңгер» акциясы ұйымдастырылды

0 5

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Байзақ ауданының әкімдігімен бірлесе отырып «Халықтық заңгер» акциясын ұйымдастырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында, аудан ауыл жұртының түйіткілді мәселелері тыңдалып, оны шешу жолдары қаралды. Атап айтсақ, аудан халқына консультациялық кеңес беру үшін 11 түрлі сала қызметкерлері қоғамдық қабылдау өткізді. Олардың ішінде әлеуметтік, білім, кәсіпкерлік, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы салаларының мамандары мен көші-қон полициясы, кәсіпкерлер палатасы мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының білікті мамандары бар.

Бұл акцияның негізгі мақсатына тоқталар болсақ, ауылды елді-мекендердегі түрлі тұрмыстық жағдайларға байланысты мәселелер мен түйіні тарқамаған мәселелерін жауапты сала өкілдерімен бірлесе шешу.

Мәселен, қоғамдық қабылдау барысында, Байзақ ауданы Көктал ауылындағы «Оша» алқабының тұрғындары жарықтың қуаты төмен екендігін айтып келді. Соның салдарынан, тұрмыстық техникалар күйіп шығынға батқан. Департамент басшысының бірінші орынбасары Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы, бұл мәселені жауапты сала өкілдерін тарта отырып, шешу жолдарын қарастыруды ұсынды. Ал, жауапты мамандар  қараша айының соңына дейін трансформатор орнатса, тұрғындардың талап-тілегі орындалмақ. Тағы сол сияқты түрлі сала бойынша тұрғындар тарапынан сұрақтар мен мәселелер көтеріліп, лекторлық топ тарапынан жауап берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.