Жамбылдық полицейлер 2,5 тоннадан астам есірткі түрлерін тәркіледі

0
17

«Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мойынқұм ауылынан 50 шақырым жердегі құмға жақын маңда 36 және 47 жас аралығындағы бұрын сотты болған Қарағанды облысы Жезқазған қаласының үш тұрғынын ұстады, олардан жалпы салмағы 137 келі кептірілмеген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Күдіктілер кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жоғарыда келтірілген дерек барлық бағыттар бойынша есірткі қылмысының жолын кесуге қатысты жандандырылған жұмыстың тек бір көрінісі болып табылады.
Ағымдағы жылдың тоғыз айында Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл желісі бойынша 666 түрлі есірткі тәртібін бұзу дерегі, оның ішінде 180 қылмыс дерегі және 486 қылмыстық теріс қылық анықталды.

Түрлі қызметтердің үйлесімді реттелген жұмысы нәтижесінде аса ірі көлемде есірткі құралдарын сақтаудың- 58 дерегі, есірткі құралдарын заңсыз сатудың -72 дерегі, өсіруге тыйым салынған өсімдік түрлерін заңсыз өсірудің -17 дерегі, притон ұстаудың 4 дерегі анықталып, есірткі құралдары контрабандасының 26 дерегінің жолы кесілді.

Жамбылдық тәртіп сақшыларының мақсатқа бағытталған жұмыстарының негізгі нәтижесі- 2,5 тонна түрлі есірткі құралдарын заңсыз айналымнан тәркілеу дерегі. Бұл мыңдаған адамның, әсіресе жастардың есірткі тұзағына түсіп, шыңыраудан жол таппай, сергелдеңге түсуінің алдын алу болып отыр.

Сонымен қатар бұл көрсеткіш Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл желісі бойынша жұмысының жүйелі және қарқынды үдемелі сипатқа ие болғанын көрсетеді, ал оның көлемі мен нәтижесі тек қана артатын болады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here