Жамбыл облысы бойынша 138 жедел жәрдем автокөліктері GPS–навигациясымен жабдықталған

0 0

Бүгінгі таңда облыс бойынша 138 жедел жәрдем автокөліктері GPS–навигациясымен жабдықталған, бұл автокөліктерді бақылауға және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Барлық шақырылымдар «КӨМЕК» автоматтандырылған жүйесі арқылы қабылданады және тіркеледі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары  Еркебұлан Дауылбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жедел жәрдем қызметінің сапасын жақсарту мақсатында  мониторингтік топ құрылып, бақылаулы шақыртулар ұйымдастырылған. Нәтижесінде 4 кешігу фактісі айқындалып жедел жәрдем стансасынан кешігіп шығуы, диспетчердің жұмысы, көшелердің және үйлердің нөмерлерінің жоқтығы, жол жөндеу жұмыстары, үй алдындағы кедергілер, жүргізушілердің жол бермеуі, электрондық карта деректерінің жаңартылмауы, жедел жәрдем стансасының қызметкерлері жауапкершілікке тартылып, тиісті мемлекеттік органдарға кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.