Ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

0 4

Тараз қаласында 9-10 қараша күндері ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  облыстық ауылшаруашылығы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық алаңда өтетін жәрмеңкеге 9 қараша күні Талас, Жуалы, Байзақ, Шу және Мойынқұм аудандары өз өнімдерін ұсынса, 10 қараша күні Жамбыл, Меркі, Қордай, Сарысу, Тұрар Рысқұлов аудандарының тауар өндірушілері қатысатын болады.

Сондай-ақ тұрақтандыру қорының өнімдері де сатылымға шығарылады. Аталған шара Жамбыл облысының 80 жылдығы мен ауылшаруашылығы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.