Жамбыл облысында қала автопарктері 100 бірлік автобуспен жаңартылмақ

0 0

Қалалық бағыттар бойынша автобустарды жаңалау мәселесі жүйелі түрде жүзеге асып келеді. 2018 жылы қала автопарктері 71 бірлік немесе 15%-ға жаңа автобуспен жаңартылған болса, ағымдағы жылдың соңына дейін 100 бірлік автобуспен немесе 21%-ға жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы ӨКҚ алаңында облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Айта кетейік, бүгінде қала ішінде жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктердің саны – 670 дана. Оның 465-і күнделікті қызмет көрсетеді. Дизельді автобустар саны – 427 болса , бензинмен жүретіні – 77. Ал 246 автобус көгілдір отынмен жүру үшін жабдықталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.