Шайқорық ауылында орын алған жанжалдың себептері анықталды

0 5

Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі Шайқорық ауылы, Телеу көшесінде құрлысы жанадан жүргізіліп жатқан су мұнарасында 2019 жылдың 3 қарашасы күні сағат 11-12 шамасында тапсырыс беруші мен жұмысшылар арасында жанжал орын алған болатын. Бүгінгі таңда мәселенің мән-жайы анықталып, қос тарап өзара мәмілеге келді,- деп хабарлайды «ZhambylNews»  Ақпараттық Агенттігі.

Шайқорық ауылындағы топтастырылған ауыз су жүйесінің құрылысына ҚР су ресурстар комитеті тапсырыс беруші болып саналады. Құрылыс жүргізуші бас мердігер ЖШС «Баймен» ЖШС. Қосалқы мердігер «Улан строй» ЖШС Ануар Қалдыбек , Айтбек Айкен, Бархатов Еламан және бригадир Мамрайымов Алим атты азаматтарды су мұнарасы құрылысының ішкі жұмыстарын жүргізуге қабылдаған.

Келісім бойынша 1 300 000 теңгеге жұмыс ауқымын есептеген, алайда бас мердігер Байменов Жұмағұл қосалқы мердігердің қабылдаған жұмысшылары арасында атқарылған жұмыстарға қатысты келіспеушіліктер танытқан (техникалық талаптарына сәйкес емес).

Нәтижесінде бас мердігер жұмысшылардың еңбекақысын төлеуден бас тартқан болатын. Осыдан кейін жұмысшылар Бархатов Еламан мен Қалдыбек Ануар су мұнарасының үстіне шығып, еңбекақылары төленбеген жағдайда мұнарадан секіретіндігін мәлімдеген. Жедел жүргізілген келіссөз барысында бас мердігер қосалқы мердігер басшысына (толық аяқталмаған жұмысқа атқарылған жұмыс көлемін шамамен есептеп) 800000 теңге еңбек ақы берді. Нәтижесінде қос тарап өзара келісімге келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.