«Jambyl» телеарнасына- 30 жыл!

0 9

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Жамбыл облыстық филиалы, «Jambyl» телеарнасының құрылғанына — 30 жыл толды. Аймақтағы ақпарат алаңында алар орны ерек арнаның мерейтойы алдағы күндері аталып өтілмек. Осыған орай, аймақ ақындарының арасында жыр мүшәйрасы жарияланды. Үміткерлер  туындыларын 19-қарашаға дейін  әлеуметтік желіде жариялауы тиіс. Толғауы тоқсан телеарнаның тынымсыз тіршілігін, ерекше өнімдері мен есте қалар сәттерін жырына арқау еткен жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетейік, қасиетті Әулиеата жерінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастаған болатын.

Бастапқыда 1 ғана сағат көрсетілімге шығатын телеарна бүгінде 17 сағат эфир таратады. Сан түрлі саланы қамтитын 30 бағдарлама дайындалады, аймақ жаңалықтары күніне 4 мәрте тікелей эфирде көрсетіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.