Жамбыл облысында барлық мектептерде «Адалдық сағаты» өтті

0 8

Жамбыл облысында бір мезетте барлық мектептерде «Адалдық сағаты» өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жалпы іс-шара ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыс әкімдігінің білім басқармасы және Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің ұйымдастыруымен өңірде дәстүрлі түрде өтіп тұрады.
Жалпы іс-шара мақсаты адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында жастармен еркін пікір алмасу. Сол арқылы, өскелең жастардың көзқарасын өзгерте отырып, парасатты қоғам қалыптастыру болып табылады.

Тараз қаласы №23 мектеп оқушыларына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев адалдық сағатын өткізді. Кездесуде оқушылар өздерінің ой-пікірлерін айтып, жемқорлықсыз болашақ тақырыбында дайындаған жұмыстарын көрсетті.
Сонымен қатар облыс көлемінде ұйымдастырылған «Адалдық сағаты» шарасының лекторлар қатарында «Nur Otan» партиясының мүшелері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, ардагерлер кеңесінің өкілдері, қоғамның белсенді азаматтары, аудан, ауыл әкімдері, «Парасатты болашақ» эссе байқауының жеңімпаздары дәріс оқыды.
Жалпы Жамбыл өңірінде өткізілген «Адалдық сағаты» іс-шаралары еркін пікір алмасу, ашық сұхбат құру, тренингетр және ойын түрлері форматында ұйымдастырылды. Осылайша бір мезетте өткен «Адалдық сағаты» облысымыздың 10 мыңнан аса оқушыларын қамтыды.

Парасаттылық қағидаларын, адалдық, әділдікті насихаттау бағытында өңірде «Адалдық сағаты» іс-шарасы жалғаса беретін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.