Қоғам қайраткері, қаламгер Мақұлбек Рысдәулет өмірден озды

0 51

Қоғам қайраткері, қаламгер Мақұлбек Рысдәулет өмірден озды.

Айта кетейік, 1949 жылы 20 мамырда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бақалы ауылында туған. 1973 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

1973—1992 жж. Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» («Сары-арқа») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1991 жылдан «Халық кеңесі», «Заң газеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. 2004 жылдан бері Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің Бас редакторы болып қызмет еткен.

Мақұлбек Рысдәулет Журналистер арасында өткізілген бірнеше республикалық, Одақтық байқаудың жүлдегері. Қазақстан журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, бірнеше мемлекеттік медальдармен және Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қазақмыс» компаниясы, Қарсақбай мыс қорыту зауытының 80 жылдығы мен Республика күні мерекесіне орай өткізілген байқаудың проза саласы бойынша Бас жеңімпазы болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.