Самбодан Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған облыстық жарыс өтті

0 0

«Динамо» спорт кешенінде Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовты жане қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерін еске алуға арналған Жамбыл облысы Полиция департаментінің ауыспалы кубогы үшін самбодан жарыс өткізілді, деп хабарлайды «ZhambylNews»  АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайысқа Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара Қызметі-2035, Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы, Көліктегі полиция басқармасы, Жамбыл облысы ПД, Тараз қаласы Полиция басқармаларынан құралған 7 команда қатысты.

Шараның салтанатты ашылуында Жамбыл облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Үдергенов сөз бастап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жарыс алдында ағымдағы жылы үздік нәтиже көрсеткен динамошы спортшылар арнайы ПД Алғыс хатымен және Динамолық спорттық формамен марапатталды.

Атап айтсақ, қазан айында Кипр астанасы Лимасол қаласында ардагерлер арасында өткен Әлем Чемпионатында 1-орынға ие болып, әлемнің 8- дүркін жеңімпазы атанған Алмас Мусабеков, Ташкент қаласында өткен Самбо күресінен жастар арасында Әлем Чемпионатында 1- орынға ие болған жас динамошы Арқат Ануарбек, Түркістан қаласында ардагерлер арасында өткен Қазақстан Республикасы Чемпионатында 1- орынға ие болган Марат Қойшыбеков.

Тартысты да қызықты өткен жарыс нәтижесінде командалық есепте біріншіорынға Полиция департаменті лайық деп танылса, екінші орын Мамандырылған күзет қызметі басқармасына бұйырды. Ал үшінші орын Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне бұйырды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс Полиция департаменті және «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы дайындаған арнайы дипломдармен, медалдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.