Жамбыл облысында дарынды балаларды қолдау мақсатында 300 орындық IT лицей-интернаты ашылды

0 8

Жамбыл облысында дарынды балаларды қолдау мақсатында 300 орындық IT лицей-интернаты ашылды. Бүгінгі күні облыста 5 дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Онда білім алатын 1593 оқушының 720-ы ауыл балалары. Бұл туралы ӨКҚ алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова   айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Облыстың дарынды оқушылары халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарына жүйелі түрде қатысып келеді. 2018-2019 оқу жылында облыс оқушылары халықаралық, республикалық, пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар жарысында 132 медальдарды иеленген.

Биылғы оқу жылында 5-6 сынып оқушылары үшін облыстық пән олимпиадалары өткізіліп, олимпиада жеңімпаздарын қашықтықтан дайындау мектебі ашылмақ.

Оқушыларға тереңдетілген білім беру мақсатында облыс бойынша 51 гимназия, мектеп-гимназия, лицей және мектеп-лицейлер жұмыс істейді. Оның 72,5%-ы  ауылды жерлерде орналасқан.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының «ЕЛ ҮМІТІ» бастамасы аясында облыстық «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығы» болып өзгертіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.