Бір кеште Тараз қаласының көңіл көтеру орындарында 10-нан астам құқық бұзушылық анықталды

0 0

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы Тараз қаласының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен қаланың көңіл көтеру орындарында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Рейд барысында облыс орталығының 10 мекемесінде ҚР ӘҚБтК 441-бабы бойынша 12 әкімшілік құқық бұзушылық  дерегі анықталды.

Келушілер арасында Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2013 жылғы 14 наурыздағы №6 «Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы» қаулысында және Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 159-бабының 5-тармағында көрсетілген қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынған ақпараттық парақтары таратылды.

Тараз дәмханасының әкімшілігі ҚР ӘҚБтК 422-бабы есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің  және 423-бабы есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.