Жамбыл облысында «Парасатты отбасы» анықталды

0 4

Тараз қалалық мәдениет үйінде облыстық «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байқаудың аудандық, қалалық кезеңіне 5772 отбасы қатысып, үкіметтік емес ұйымдар, Нұр-Отан партиясы, ардагер ұстаздар мег қоғам қайраткерлерінен құрылған байқаудың қазылар алқасы 11 номинация бойынша үздіктерді анықтап, салтанатты түрде марапаттады.

Парасатты отбасыларға дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар парасаттылық «елшілеріне» айналған лекторлар пулын қалыптастырды. Алдағы уақытта олар қоғамда парасаттылық мәдениетті көтеруге, әдептілікті дамытуға бағытталған дәрістер мен тренингтер өткізетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.