Таразда «Халық заңгері» акциясы өтті

0 7

Агенттіктің бастамасымен Республика бойынша бір уақытта «Халық заңгері» атты кең ауқымды акция өтті, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тараз қаласында науқан Төле би көшесіндегі «MART» ойын-сауық орталығында  жалғасты.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Ә.Әшірбаев және 50-ден астам мемлекеттік орган қызметкерлері, адвокаттар, заңгерлер және кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері өңір тұрғындарына заң төңірегінде барлық сұрақтарға жауап беріп, заң саласында бағыт-бағдар берілді.

Сондай-ақ, акция барысында 300 -ден астам тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.