Жамбыл облысында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді

0 0

Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының нұсқауымен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түнгі рейдтік шаралар өткізілді, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Іс-шараға облыстық Полиция департаменті басшы құрамы мен Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция қызметкерлері және қалалық білім беру органдары мен жастар бірлестіктері өкілдері қатыстырылды.
Облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Үдергенов рейд жұмыстары алдында кешкі саптық жиын өткізіп, іс-шараның мақсатымен таныстырды.

Рейд барысында қала мен облыс аудандары кафе-барларда, компьютерлік клубтарда және жастардың жаппай демалатын өзге де орындарында жасақтар қойылып, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуы, сондай-ақ оларға алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша тексерістер жүргізілді.

Аталмыш бағыттағы іс-шаралар облыс ПД басшылығының тұрақты бақылауында тұр. Алдағы уақытта да жасөпірімдер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жалғаса беретін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.