Қордай ауданының әкімі жергілікті қауымдастық төрағаларымен кездесті

0 7

Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле жергілікті қауымдастық төрағаларымен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Онда қауымдастық мүшелерінің міндеттері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ, Болатбек Байқонысұлы қауымдастық төрағаларына ауыл әкімімен бірлесіп, түйіні тарқатылмай жатқан мәселелерді көтеріп, оны шешуде белсенділік таныту керектігін айтып өтті.

Сонымен қатар, қауымдастық төрағаларыда сөз алып, жергілікті қауымдастық құрылғалы ауыл мәселелері азайғанын тілге тиек етіп, бірлесіп атқарған жұмыста жүйе барын жеткізді. Ашық түрде өткен жиында сұрақтар қойылып, оған тұшымды жауаптар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.