Асқар Мырзахметов мүгедектер мен аз қамсыздандырылған отбасыларға барды

0 1

1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған жалпы республикалық акциясы аясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов көмекке мұқтаж екінші топ мүгедектері мен аз қамсыздандырылған отбасыларға барып, азық-түлік себеттерін үлестірді, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, биылдан бастап волонтерлардың әлеуеті қайырымдылыққа, мұқтаж отбасыларына нақтылы көмек көрсетуге бағытталды. Бұл жұмыстарды жүйелендіру мақсатында облыс әкімдігінің №52 Қаулысымен (2019 жылғы 14 наурыздағы) «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасын іске асыру жөніндегі жоспары бекітілген болатын.

Жоспарға сәйкес әлеуметтік карта жасақтау мақсатында барлығы 1800 жас волонтер ретінде тартылды.
Бұл мақсатқа 15 млн теңге қаржы қаралды. Тараз қаласында 3 қайырымдылық дүкені (Бейбітшілік 97 «А», Бәйдібек би 1 «А», Төле би 74 «Б» көшелерінде) ашылды, олар қажетті жабдықтармен (арнайы сөрелермен жабдықтау, тазалау құралдары т.с.с.) жабдықталды.
Халық көп шоғырланатын 5 сауда орындарында арнайы
киім-кешек, тұрмыстық заттар қабылдауға арналған жәшіктер (9 мөлтек ауданы «Айырылмас» СО, Абай даңғылы «Тарго» СО, Қант зауыты аймағы, Рафинадная көшесі 3 «А» «Тәтті себет» («Вкусная корзинка») СО, Жібек жолы 64 «Б» (40 мельница), «Тәтті себет» («Вкусная корзинка») СО) орнатылды.

Жыл басынан бері жалпы 5 тонна (797 кг — қорлардан, 4,2 — тонна халықтан) киім-кешек жиналса, оның 2 тоннасы үлестірілді. Жалпы дүкенде
3 тонна киім-кешек қоры бар.

Дүкендерге 70 отбасы айына 1 реттен келсе, 20 отбасы 3 айда 1 реттен келетіні анықталып отыр.
Сол сияқты, жоба аясында волонтерлардың ықпалымен облыс бойынша 609 отбасына 3,2 млн теңгеге азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Жоба аясында «Харекет» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып Т.Рысқұлов, Байзақ аудандары мен Тараз қаласында 6 мұқтаж (Байзақ — 2, Қаратау — 2, Т.Рысқұлов — 2) отбасына пәтер алып берілді. Жыл соңына дейін тағы 4 үй алып беру жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.